​Шымкентте есірткіге қарсы науқан өтті

0
718

Іс-шара барысында демалушыларға тегін арнайы дәрумендер және жемістерден жабдықталған қорапшалар үлестірілді.


​Шымкентте есірткіге қарсы науқан өтті

Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен қала әкімдігінің ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы және«Жастар ресурстық орталығы» мамандары бірлесіп, «Арбат» демалыс аймағында нашақорлыққа және есірткіге қарсы науқан өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Аталған шараға қаламыздың еріктілер тобы мен жанашыр тұрғындар жұмылдырылды.

Акцияның мақсаты - азаматтарды салауатты өмір салтын ұстануға баулу, оны насихаттау, қоғамды есірткіге қарсы қою, есірткіге қарсы иммунитетті барынша көтеру және есірткімен байланысты құқық бұзушылықтарға тосқауыл қою.

Іс-шара барысында демалушыларға тегін арнайы дәрумендер және жемістерден жабдықталған қорапшалар үлестірілді.

Сонымен қоса, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері білім беру ұйымдарында жоғарғы сынып оқушыларына, жасөспірімдерге, студенттерге, ата-аналарға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдарын жеткізу және жаңа психоактивті заттардың таралуының алдын алу мақсатында жүйелі жұмыстар атқаруда.

Осы орайда, Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен қала әкімдігінің ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» мамандары бірлесіп, №55 мектептің жоғарғы сынып оқушыларына құқықтық сауаттылықты арттыру және есірткі заттарын тұтынудың зияндығы жөнінде арнайы сабақтар өткізді.

Сабақ барысында оқушыларға зиянды әдеттердің қауіптілігі ескертіліп, олардан аулақ болу, салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, жыл басынан бері 4 000-нан астам есірткі саудасымен айналысып келген сайт бұғатталып, одан бөлек дәріханаларда есірткінің орнын алмастыратын препараттардың дәрігердің рұқсатынсыз сатылғандары тәркіленген. Статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша 300-ден аса есірткінің заңсыз айналыммен қоса, түрлі құқық бұзушылығы анықталды.