Шымкентте этнос өкілдерімен мемлекеттік этносаясаттың жүргізілу бағыттары талқыланды

0
220

Кездесу барысында мемлекеттік этносаясатты жүргізудегі басты мәселенің жастар тәрбиесі екені айтылды.


Шымкентте этнос өкілдерімен мемлекеттік этносаясаттың жүргізілу бағыттары талқыланды

Шымкент қаласы аумағында этнос өкілдерімен мемлекеттік этносаясаттың жүргізілу бағыттары талқыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының аумағында этносаясатты жетілдіру, алдағы кезеңдерде атқарылатын жұмыстар бойынша Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі М.Төлеповтің, аудан әкімдерінің орынбасарлары мен «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Е.Байқонақовтың қатысуымен бірқатар этнос өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында мемлекеттік этносаясатты жүргізудегі басты мәселенің жастар тәрбиесі екені айтылып, осы бағыттағы жұмыстарды жүргізудің жағдайлары талқыланды. Алдағы уақытта этнос жастарымен тұрақты жұмыстардың жүргізіліп отыру керектігі, қолданыстағы заңдылықтардың сақталу қажеттігі, т.б. мәселелер туралы кеңінен сөз қозғалды.