Шымкентте ирригациялық жүйелерді тазалау жұмыстары жүргізілді

0
596

78 орында су тарту және ирригациялық жүйелерді тазалау жұмыстары жүргізілді


Шымкентте ирригациялық жүйелерді тазалау жұмыстары жүргізілді

Шымкентте 78 орында су тарту және ирригациялық жүйелерді тазалау жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жауын шашын әсерінен қала аумағындағы су басу қауіпі бар аймақтар мен ирригациялық жүйелерге Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы тарапынан тәулік бойына бақылау жұмыстары жүргізілуде.
Су тарту және бақылау жұмыстарына “A-III Group” мекeмесінен 4 КамАЗ, 1 Экскаватор 40 ирригациялық жүйелерді тазалау мамандары, “Build stroi”мердігер мекемесінен 11 сутасымалдаушы, 1 камаз су тасымалдаушы ассенизатор, 3 газ-53, 15 мотопомпа, “Zhasyl zher” 13 су тасымалдаушы, 6 мотопомпа, 1 ассенизатор және 27 жұмысшы жұмылдырылды .