Шымкентте қанша жер мемлекетке қайтарылатыны белгілі болды

0
1 359

Себебі бұл жерлерді осы уақытқа дейін ешкім қолданбаған.


Шымкентте қанша жер мемлекетке қайтарылатыны белгілі болды

ERNUR.KZ. Шымкентте ауыл шаруашылығы жерлері кері қайтарылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент қаласындағы 775,8 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылатын болады. Себебі бұл жерлерді осы уақытқа дейін ешкім қолданбаған.

Нақты айтқанда 2017 жылы қолданылмаған 472,5 гектар жер анықталып отыр. Соның 74,5 гектары кезінде бизнеске бөлінген болса, 398 гектар жер – ауыл шаруашылығына арналған. Ал 2018 жылдың 6 айында тағы 211 учаске анықталды. Олардың жалпы көлемі - 302,3 гектар. Соның 173 учаскесі – бизнеске, ал 38 учаскесі ауыл шаруашылығына берілген екен.

Мысалы, Бәйдібек би даңғылының бойынан жалпы ауданы 5,9 гектар болатын 24 жер учаскесі бөлінген, дегенмен, олар пайдаланылмаған. Қонаев даңғылының бойынан жалпы ауданы 7,4 гектар болатын 21 жер учаскесі, ал Алматы айналма тасжолының бойынан 37 учаске бөлінген. Бұл жерлер анықталғанымен, жер инспекциясы оларды мемлекет меншігіне қайтару бағытында жұмыс жүргізбеген. Енді ол жерлер аудан әкімдіктеріне қайтарылып, спорт-сауықтыру және ойын алаңшаларының құрылысына беріледі.