Шымкентте карантин режимін сақтамаған дәмхана анықталды

0
2 416

«Galaxy Rox» кафесінің қойылған шектеулерге қарамастан сағат 02:40 шамасында жұмыс істеп тұрғаны белгілі болған.


Шымкентте карантин режимін сақтамаған дәмхана анықталды

Шымкентте карантинге қарамастан жұмыс істеген дәмхана анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, халық арасында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында Шымкент қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысы жарияланған. Құжатқа сәйкес карантин режимінің сақталуын бақылау мақсатында тұрақты түрде рейдттік іс-шаралар жалғасуда.

Жүргізілген рейд барысында Шымкент қаласы Үркімбаев көшесінде орналасқан «Galaxy Rox» кафесі қойылған шектеулерге қарамастан сағат 02:40 шамасында жұмыс істеп тұрғаны анықталды. Қаулыда көрсетілген шектеулерді өрескел бұзып, ешқандай ескертуді елемей жұмысын жалғастырған кәсіпкерлік нысанның әкімшісіне ҚР ӘҚБтК 425-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды.

Жинақталған құжаттар Шымкент қаласы Абай ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.