Шымкентте қаржы пирамидасына қатысты күдікпен тергеу жүріп жатыр

0
698

Залал сомасы 700 млн теңгеден асады.


Шымкентте қаржы пирамидасына қатысты күдікпен тергеу жүріп жатыр

Шымкентте қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен "ПК Asar Baspana" қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қаржы пирамидасына басшылық жасады деген күдік бойынша "ПК Asar Baspana" компаниясының басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді ҚМА Шымкент қаласы бойынша Департаменті жүргізуде.

Аталған компания жеке тұлғалардың ақшасын кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, қатысушылар арасында қайта бөлген.

Залал сомасы 700 млн теңгеден асады.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

"Егер сіз және сіздің жақындарыңыз аталған қаржы пирамидасының қызметіне тап болсаңыз, тұрғылықты жеріңіз бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарласуыңызды сұраймыз.

Азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырамыз", - делінген ҚМА Шымкент қаласы бойынша Департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.