Шымкентте кәсіпкерлер жарнама үшін салықты негізсіз артық төлеген

0
456

Бүгінгі таңда 100 мың теңгеден астам ақша қаражаты бизнес субъектісінің шотына қайтарылды.


Шымкентте кәсіпкерлер жарнама үшін салықты негізсіз артық төлеген

Шымкентте кәсіпкерлер жарнама үшін салықты негізсіз артық төлеген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне кәсіпкер жүгініп, сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін салықтарды есептеудің заңдылығын қарауды сұрады. Мән-жайды анықтау барысында Мемлекеттік кірістер департаменті салық ставкаларын сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының лауазымды тұлғаларының жарнама алаңдарын асыра бағалауына байланысты есептегені белгілі болды. Департамент кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру туралы хат жолдады”, - делінген жазбада.

Бүгінгі таңда 100 мың теңгеден астам ақша қаражаты бизнес субъектісінің шотына қайтарылды.

Антикордың ұсынысы бойынша сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.