Шымкентте Қазпошта 9 мыңнан астам зейнеткердің зейнетақысын үйлеріне жеткізіп берген

0
1 793


Шымкентте Қазпошта 9 мыңнан астам зейнеткердің зейнетақысын үйлеріне жеткізіп берген

Шымкент қалалық Қазпошта штаттық режимде, зейнеткерлерге және арнайы санаттағы азаматтарға зейнетақы мен жәрдемақы жеткізуді жүзеге асыруда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша 9158 зейнеткерге зейнетақылары жеткізілген.

Бұл туралы «Қазпошта» АҚ ОҚОФ сату бөлімінің бас маманы Ырысбай Әсем Мұратәліқызы мәлімдеді.

Әсем Мұратәліқызының мәліметінше, жүріп-тұруды шектеу жөніндегі қолданыстағы шараларды ескере отырып, зейнетақы үшін пошта бөлімшелеріне келіп жүрген барлық зейнеткерлерге сәуір айында зейнетақыны үйлеріне жеткізу үшін барлық шараларды жедел түрде қабылданған. Сондай-ақ, зейнеткерлердің қалауы бойынша, төлем карталары үйлеріне жеткізілген.

Айта кетейік, post.kz сайтында төлем карталарын алуға және зейнетақыларды үйге жіберуге жедел өтінімдер рәсімделетін байланыстар орналастырылған.

Қазпошта ғимараттарында қызмет алу мақсатында кезек күтіп тұрған клиенттерге сақтық шараларын сақтау үшін жеке қорғаныс құралдарын пайдалану (бетперде, қолғап және т.б) қолды дезинфекциялауды жүзеге асыруды және ұсынылатын өзара 1,5-2 метр ара қашықтықты сақтауларын сұрану туралы, арнайы ақпараттық ескертулер орнатылған. Және де клиенттер арасында арақашықтық сақтау мақсатында, барлық бөлімшелер алдына арнайы белгілер сызылған.