Шымкентте кейбір автобустардың бағыты өзгертілді

0
569

№126 маршрут кешенді схемаға сәйкестендіре отырып «Shym city» ТК арқылы жүргізілетін болды.


Шымкентте кейбір автобустардың бағыты өзгертілді

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте қала тұрғындарының сұранысы бойынша бірнеше автобустардың бағыты өзгертілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтқанда №126 маршрут кешенді схемаға сәйкестендіре отырып «Shym city» ТК арқылы жүргізілетін болды. Бұл бағытта алдын 6 автобус қызмет көрсетсе, қазіргі уақытта 14 автобус айналма бағытта қызмет көрсетеді.
Сонымен қатар «Shymkent Bus» тасымалдаушы компаниясына тиесілі №61 маршруттың қозғалыс кестесі өзгерді. Осыған сәйкес «МШК» елді мекенінің тұрғындарына бұрыңғы №19 маршруты тоқтап, орнына №61 және №114 маршруттары ұйымдастырылды.
Айта кетейік аталған маршруттар бағытында жолаушыларды көп сұрайтын аялдамалар қаралған.