Шымкентте халықаралық палау фестивалі өтіп жатыр

0
1 983

Жалпы 41 аспаз палаудың 41 түрін дайындады.


Шымкентте халықаралық палау фестивалі өтіп жатыр

Үшінші мегаполисте дәстүрлі "Шымкент палауы -2022" атты халықаралық фестиваль өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Достық дастарханын Қоғамдық келісім" мекемесі, Шымкент қаласы ҚХА, ҚР өзбектерінің "Дустлик" қауымдастығы " бірлесе ұйымдастырды.
Биылғы фестивальге Қырғызстан, Өзбекстан Республикасынан, Алматы, Шымкент, Тараз қалалары мен Түркістан облысынан аспаздар келген. Жалпы 41 аспаз палаудың 41 түрін дайындады.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов халықтар арасында достықты дәріптеу мақсатындағы іс-шараны ұйымдастырушыларға, демеушілерге алғысын жеткізді.
ҚР өзбектерінің "Дустлик" қауымдастығының төрағасы Икрам Хашимжанов фестивальдің жылдан жылға аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтті.
Фестивальде үздіктердің үздігін әділ қазылар алқасы анықтайды. Жалпы барлық қатысушылар арнайы сый-сияпаттар және Алғыс хаттармен марапатталады.

Айта кетейік, аталған байқау 2018 жылы да өткен болатын. Қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Дустлик» өзбек этномәдени орталығы бірлесе ұйымдастырған шараға еліміздің және көршілес Өзбекстаннан 30-дан астам аспаз қатысқан. Палау басудан үздіктер қатысқан байқауда аспаздардың шеберлігі сынға түсті. Байқау шарты бойынша тағамның дәмі, аспаздың асты ерекше дайыну тәсілі сараланды.

Фестивальде көршілес Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен келген қонақтар мен Шымкент қаласының тұрғындары «Махаббат», «Достық», «Бірлік» секілді палаудың 30-дан астам түрінен дәм татып, арнайы дайындалған концерттік бағдарламаны тамашалады. Бір емес, бірден 30 аспаздың қолынан дәм татқан қазылар алқасына жеңімпазды анықтау оңайға түспеді.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды 13 жастағы ең жас аспаз Бабамұрат Абдурахманов жеңіп алды. Өзге жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады.