Шымкентте кішкентай сәби сірке суына уланып қалды

0
2 557

Улы сусынды ішіп қойған бүлдіршіннің ауыз қуысын және өңешін химиялық күйік шалған.


Шымкентте кішкентай сәби сірке суына уланып қалды

Шымкенттік дәрігерлер сірке суына уланған сәбиді аман алып қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Анасының айтуынша, балақай ойнап жүріп қауіпті сұйықтықты абайсызда ішіп қойған. Содан кейін кішкентай сәби ауыр халде Т. Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына жедел жәрдеммен жеткізілген.

Мамандар сәбидің ішкі органдарының зақымданғанын анықтаған. Улы сусынды ішіп қойған бүлдіршіннің ауыз қуысын және өңешін химиялық күйік шалған. Қазір балақайдың жағдайы жақсы. Анасымен бірге токсикология бөлімінде ем қабылдаған балақай, ауруханадан шығарылды.