Шымкентте көгалды аймақты күтіп-ұстау жұмыстары жүргізіліп жатыр

0
688

Қазіргі уақытта осы жұмыс түріне күн сайын 150-ден астам қызметкер тартылған.


Шымкентте көгалды аймақты күтіп-ұстау жұмыстары жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласы Қаратау ауданында көгалды аумақтарды күтіп-ұстау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде саябақтар мен скверлер, көше бойы сынды жалпы көлемі 109,07 гектарды құрайтын көгалды аумақтың шөбі орылуда.

Қазіргі уақытта осы жұмыс түріне күн сайын 150-ден астам қызметкер тартылған. Бұл жұмыстар көгалдар мен гүлзарларға, көше-жол желісі бойындағы аумаққа эстетикалық көрініс беру үшін ғана емес, сонымен қатар тұрғындарға аллергенді жүктемені азайту үшін де жүргізіліп келеді.
Ауданда шөп шабу жаз бойы жалғасады. Аталған жұмыстар үйішілік аумақтарда да атқарылатын болады. Айта кету керек, шалғындардың көптігі ауа-райына байланысты өзгереді.