​Шымкентте көгершіндер көрмесі өтеді

0
3 163

Қала тұрғындарына көгершіннің сан-алуан түрлерімен танысуға мүмкіндік туып отыр.


​Шымкентте көгершіндер көрмесі өтеді

Шымкентте бейбітшілік символына айналған құс – көгершіндерге арналған көрме өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Көгершін баптауды кәсіп еткен «Гулсар» әуесқойлар клубының 30 жылдық мерейтойына орай 10 қараша күні Шымкент қаласындағы «Поплавок» салтанат сарйында өтетін көгершіндер көрмесіне қатысуға шақырады.

Адамзатқа келтірер еш зияны жоқ, байырғы заманнан жақсылықтың нышаны болған көгершіндердің түрі көп. Олардың біз білмейтін қандай қасиеттерге ие екенін осы орайда ұйымдастырылып отырған көрме аясында біле аласыз. Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарын осынау құстың алуан түрімен танысуға, көгершіндерді жақынан танып-білуге үлкен мүмкіндік беріліп отыр.

Дереккөз: sxodim.com