Шымкентте қоғамдық көлік жол апатына ұшырады

0
932

ВАЗ-2199 жеңіл автокөлігі мен автобус соқтығысып қалған.


Шымкентте қоғамдық көлік жол апатына ұшырады

Шымкентте қоғамдық көлік пен такси соқтығысып бес адам зардап шекті деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкент қаласы, Қайнарбұлақ тұрғын үй алабы аумағында ВАЗ-2199 жеңіл автокөлігі мен автобус соқтығысып қалған. Куәгерлердің айтуынша, жеңіл көлік жүйткіп кеп қарсы бағытқа шығып 70-ші бағыттағы жолаушылар автобусын соққан. Көліктерге айтарлықтай залал келген. Оқиға орнында құзырлы органдар қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Жол-көлік оқиғасынан бес адам зардап шеккен. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметі бесеуін де Шымкент қалалық нөмірі бірінші ауруханаға жеткізген.

"Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен бес адамның төртеуіне алғашқы медициналық көмек көрсетіліп үйлеріне қайтарылды. Учаскелік дәрігерлердің бақылауында болады. Зардап шеккендердің біреуінің жағдайы ауыр болғандықтан жансақтау бөліміне жатқызылды,"-деп мәлімдеді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.