Шымкентте қоғамдық көлік жүргізушілері оқу курсынан өтті

0
371

Бағдарламаға сәйкес, дәріс 3 күн жүргізіледі.


Шымкентте қоғамдық көлік жүргізушілері оқу курсынан өтті
Шымкентте қоғамдық көлік жүргізушілері біліктілігін арттыру бойынша оқу курсынан өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласында биыл қоғамдық көлік жүргізушілерінің біліктілігін арттыру бойынша оқу курсы басталған болатын.
Жыл басынан бері «Жолаушы тасымалының ережелері және қауіпсіздігі», «Медициналық көмек келгенге дейінгі алғашқы көмек», «Психология және конфликтология негіздері», «Кәсіби этика және қарым-қатынас мәдениеті» тақырыбында дәрістер жүргізілуде.
Тасымалдаушы компаниялардың 1100 жүргізушісі оқу курсынан өтуге келісімшарт жасасқан. Бүгінде 80 жүргізуші дәрісті аяқтап, сертификатқа ие болды.
Бағдарламаға сәйкес, дәріс 3 күн жүргізіледі. Соңында қатысушылар тест тапсырып, 1 жылға жарамды сертификатқа ие болады. Сонымен қоса, Шымкент қаласының қоғамдық көлік жүргізушілерінің бірінғай «avtopark-shymkent.kz» базасына енеді.