​Шымкентте көлік қағып кеткен 9 жасар бала қаза болды

0
818

Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.


​Шымкентте көлік қағып кеткен 9 жасар бала қаза болды

Шымкент қаласында мектеп оқушысын қағып кеткен жүргізуші қамауға алынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

7 қазан кешкі сағат 18:45 шамасында Арғынбеков көшесінің бойында «BMW-530» маркалы автокөлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып, жол көлік оқиғасын жасаған. Салдарынан 9 жасар бала оқиға орнында қайтыс болды.

Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адам өліміне әкеп соққан бұзуы» бойынша тіркелді.

Анықтаушылар қажетті сараптамалар тағайындады. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Алдағы уақытта іс сотқа жолданады.
Полиция қызметкерлері қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін жол қозғалысына қатысушылардан жол ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.