Шымкентте көпқабатты үйдің бірінен өрт шықты

0
780

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.


Шымкентте көпқабатты үйдің бірінен өрт шықты

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы, Ш.Уалиханов көшесіндегі көпқабатты үйдің бір пәтерінде өрт шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз мәлімдеді.

“Оқиға орнына жетіп келген алғашқы өрт сөндіру бөлімдері пәтердің ішінде үй заттары және 2 дана пластик терезелері жанып жатқандығын анықтады. Өрт сағат 04:10-да оқшауланып, сағат 04:28-де толығымен сөндірілді. Өрттің көлемі 22 шаршы метр құрады”, - делінген баспасөз хабарламасында.

Өртті сөндіру барысында жоғарғы қабатта орналасқан пәтерлердің бірінен өздігімен сыртқа шыға алмаған 1943 жылғы қарт әжейді өрт сөндірушілер қауіпсіз жерге шығарған.

Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.

Өртті сөндіруге 5 өрт сөндіру техникасы, жеке құрамнан 17 адам, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды.