Шымкентте коронавирус жұқтырған екі адам науқастармен байланыста болған

0
583

COVID-19 инфекциясын жұқтырған 92 адам анықталды.


Шымкентте коронавирус жұқтырған екі адам науқастармен байланыста болған

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 адам да науқастармен байланыста болған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Вирусты жұқтырған 1979 жылғы азаматша мен 1977 жылғы ер азамат өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, сол үшін карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

21.04.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 инфекциясын жұқтырған 92 адам анықталды.