Шымкентте коронавируспен тіркелген 5 адам инфекция жұқтырғандармен байланыста болған

0
649

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.


Шымкентте коронавируспен тіркелген 5 адам инфекция жұқтырғандармен байланыста болған

25.04.2020 жылғы сағат 11:00 - дағы мәлімет бойынша Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 адам туралы ақпарат мәлім болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Вирус жұқтырған 1996,1993,1967 жылы туылған азаматтар мен 1991,1966 жылы туылған азаматшалар өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
25.04.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 146 адам анықталды.