Шымкентте коронавирустан 669 науқас емделіп шықты

0
988

Қазір инфекциялық ауруханада 343 науқас ал, провизорлық орындарда – 1 407 адам ем қабылдап жатыр.


Шымкентте коронавирустан 669 науқас емделіп шықты

Шымкентте коронавирустан 669 науқас емделіп шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 784 адам тіркелген. Солардың ішінде 1 540 науқас симптомдық болса, симптомсызы – 1 244 адам. Осы уақытқа дейін жұқпалы дерттен 669 науқас емделіп шықты.
Ал 14 науқас қайтыс болды. Қазір инфекциялық ауруханада 343 науқас ал, провизорлық орындарда – 1 407 адам ем қабылдап жатыр.
Эпидемиологиялық жағдайдың алдын алу мақсатында қала стационарлары төсек-орындармен, ал дәріханалар дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген.
Қала бойынша ауруханаларда 2 380 төсек-орын бар (жұқпалы аурулар - 650, провизорлық – 1 730), олардың ішінде бос орындар – 447 (жұқпалы ауруларға – 123, провизорлық - 324).
Сонымен қатар, алғашқы медициналық көмек көрсету ұйымдарының базасындағы күндізгі стационарларда қосымша 628 төсек-орын дайындалып, бүгінде сонда 315 науқас ем қабылдап жатыр.
Сондай-ақ, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында 350 төсек орын болса, оның 45 –і бос. Ал, қалалық жұқпалы аурулар орталығындағы 200 орынның 20-сы бос. "Атамекен" оңалту орталығында - 100 төсек орын бар. Қазіргі кезде оның 54-і бос.