Шымкентте құрылыс саласындағы жүйелі кедергі жойылды

0
334

Екі жылда «eQurylys» жүйесінде аталған мәліметтердің болмауы себептен жергілікті атқарушы орган 260-қа жуық өтінішке лицензия беруден бас тартқан.


Шымкентте құрылыс саласындағы жүйелі кедергі жойылды

көрнекілік сурет ашық дереккөзден

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия алудағы жүйелі кедергіні жойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы қызметті жүзеге асыру талаптарының бірі өндірістік базаның және инженерлік-техникалық қызметкердің болуы болып табылады.

«eQurylys» жүйесінде аталған мәліметтердің болмауы себептен жергілікті атқарушы орган 260-қа жуық өтінішке лицензия беруден бас тартқан (2 жылда). Кейбір жағдайларда өтініш берушілер лицензия алу үшін бірдей құжаттарды 10 рет тапсыруға мәжбүр болған.

Сонымен қатар, аталған жүйе мәліметтерді енгізу және оларды түзету күнін көрсетпейді. Бас тартудың негіздігін тексеру мүмкін емес.

Қалалық Антикордың араласуынан кейін мұндай тәжірибе тоқтатылып, жергілікті атқарушы органның бұйрығыммен осы негіздер бойынша лицензия беруден бас тартуға тыйым салынды.