Шымкентте қылғалдақтар фестивалі өтеді

0
2 269

Барлық іс-шара «Қызғалдақтың құпиясын ашу» ұранымен өтеді.


Шымкентте қылғалдақтар фестивалі өтеді

Шымкент қаласында сәуір айының 27 жұлдызында «Қызғалдақ жолы» фестивалі өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Іс-шара аясында фестивальге қатысушылардың шеруі, «Қызғалдақ жолы» атта театрландырылған қойылымы, «Қызғалдақ жолы» суретшілер туындыларының көрмесі, флористер байқауы және фотокөрмесі өтеді. Сондай-ақ, «Fashion Tulip» сән көрсетілімі, балалар суреттерінің байқауы, флеш-мобтар, қалалық және республикалық масштабтағы әртістер мен вокалистердің қатысуымен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады. Барлық іс-шара «Қызғалдақтың құпиясын ашу» ұранымен өтеді.