Шымкентте Қыз Жібектің суретіне "жан бітіп", Гәкку әнін шырқайды

0
2 164

Муралда Сұлтан Қожықовтың "Қыз Жібек" фильмінің көрінісі бейнеленген.


Шымкентте Қыз Жібектің суретіне

Шымкенттегі тұрғын үйдің қасбетінде орналасқан "Қыз Жібектің" суретіне "жан бітті", деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы Facebook парақшасында мәлімет таратты.


"Бұл керемет мурал – режиссер Сұлтан Қожықовтың "Қыз Жібек" фильмінен алынған көрініс. Ол Шымкенттегі тұрғын үйдің қасбетінде орналасқан", - деп жазады киностудия.


Муралдың ерекшелігі - сіз смартфонмен суреттің жанындағы QR кодты сканерлесеңіз, "Гәкку" әні шырқалып, суретке жан бітеді.