Шымкентте мазараттарда аптасына 2 рет тазалық жұмыстары жүргізіледі

0
778

Оған мекеме тарапынан 10 техника, 30 адам жұмылдырылған.


Шымкентте мазараттарда аптасына 2 рет тазалық жұмыстары жүргізіледі

Шымкент қаласында мазарат аумағында тазалық жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әл-Фараби ауданына қарасты 5 мазарат бар. Олар Сауле, Ақтас, Ақтас-2 шағын аудандарында, 275 орам және Текесу тұрғын алабында орналасқан.
Мазарат маңының қураған шөптерін ору, сынған, қураған ағаштарын бұтау жұмыстары кестеге сай атқарылып келеді. Сондай-ақ, аталған мазараттарда қоқыс шығару, қоршауларын ретке келтіру жұмыстары қатар жүргізілуде. Оған мекеме тарапынан 10 техника, 30 адам жұмылдырылған.
Ауданда орналасқан мұсылман мазараттарының күтіп-баптауына жауапты «Арнайы қызмет көрсету бюросы» ЖШС-ы тұрақты түрде аптасына 2 рет тазалық жұмыстарын жүргізіп отырады.