Шымкентте мереке күндері оннан астам төтенше жағдай тіркелген

0
2 972

1 желтоқсан күні қала тұрғындары Орынбаев атындағы ауруханаға алғашқы медициналық көмек алу үшін жүгінген.


Шымкентте мереке күндері оннан астам төтенше жағдай тіркелген

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің Дағдарыс орталығында "2019 жылғы 30 қараша мен 02 желтоқсан аралығында демалыс және мереке күндері жедел жағдай" тақырыбында брифинг өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Нұрболат Бекболатұлы Дербісовтың айтуынша, мереке күндері өрт сөндірушілер мен құтқару бөлімшелері шақыру бойынша 12 рет шыққан. Оның ішінде жану жағдайы – 8 рет тіркелген. Негізінен үйлердің жанындағы, қараусыз қалған үйлердегі қоқыстар жанған және жеке үйдегі электр желісінің қысқа тұйықталуынан бір өрт болған. Тиісінше, жедел іс-әрекеттің арқасында 1 адам құтқарылып, оған Апаттар медицинасы орталығының бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Сондай-ақ, мереке күндері Шымкент қаласында жазатайым оқиғалар тіркелмеген және улы газбен уланудан қайтыс болғандар жоқ. Алайда, 1 желтоқсан күні қала тұрғындары Орынбаев атындағы ауруханаға алғашқы медициналық көмек алу үшін жүгінген. Дегенмен, көмек сұрап келген адамдар алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін, ауруханаға жатудан бас тартқандықтан, бұл жағдайлар төтенше жағдайлар ретінде есепке алынбаған.