Шымкентте нысандарға қоғамдық бақылау мен зерделеу жұмыстары жүргізілді

0
358

Тексеру жұмыстарының барысында 3 коммерциялық нысанның маңдайшасы заң талаптарына сәйкес еместігі анықталды.


Шымкентте нысандарға қоғамдық бақылау мен зерделеу жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласының этнос өкілдері тығыз шоғырланған тұрғын алаптардағы кәсіпкерлік нысандарда Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы талаптарының сақталуына қоғамдық бақылау мен зерделеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтқанда, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ, мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының, Абай ауданы әкімдігінің қызметкерлері Қызылжар тұрғын алабы Жиделібайсын көшесіндегі 7 кәсіпкерлік нысанға зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Аталмыш топ мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде орналасқан тіл заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін жарнама өнімдері мен көрнекі ақпарат мәтіндеріндегі қателерге және олардың сауатты орналасуына, халықа сапалы қызмет көрсету тілі мен сапасына мониторинг жүргізеді.

Тексеру жұмыстарының барысында 3 коммерциялық нысанның маңдайшасы заң талаптарына сәйкес еместігі анықталды. Кәсіп иелеріне заң талаптарының сақталуы жөніндегі парақшалар таратылып, ескертілді. Кемшіліктер анықталған мекеме басшыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ұсыныстар берілді. Сондай-ақ, барлық сауда орындарында екі тілде қызмет көрсету, олардың маңдайшалары мен мәзірлерінің Заң талаптарына сәйкестендіру керектігі түсіндірілді.

Бұл жұмыстар алдағы уақытта жалғасады.

Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласы аумағындағы 23 тұрғын алапта этнос өкілдері жинақы қоныстанған. Осы аумақтағы тұрақтылықты сақтау, мемлекеттік саясат пен қолданыстағы заң талаптарын түсіндіру, жағымсыз жағдайлардың алдын алу бағытында жыл басынан бері 54 мақсатты кездесу өткізіліп, этносаралық қарым-қатынасқа ықпал ететін ықтимал жағдайларға талдау жасалды. Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан 17 этномәдени бірлестік қызмет атқарып жатыр. Ал, олардың жанында 21 шығармашылық ұйым мен 3 жексенбілік мектеп жұмыс істейді.