Шымкентте өкпесінің 80%-ы зақымдалған науқас жазылып шықты

0
663

Қазіргі кезде науқастың жағдайы жақсы.


Шымкентте өкпесінің 80%-ы зақымдалған науқас жазылып шықты

Шымкент қаласында өкпесінің 80 пайызы зақымдалған науқас жазылып шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкенттің білікті дәрігерлері 55 жастағы Нүрила Асқарбекқызын аман алып қалды.

Ол 9 қыркүйек күні Шымкент қалалық жұқпалы аурулар орталығына жедел жәрдем қызметі арқылы келіп түскен болатын. Науқастың жағдайы ауыр болғандықтан, дәрігерлер оны бірден жансақтау бөліміне жатқызады.
Науқас коронавирус инфекциясы мен тыныс жетіспеушілігінің салдарынан жасанды тыныс алу аппаратына қосылады. Оған қоса науқастың қандағы оттегі мөлшері шамалы көтерілгендігі байқалады. Ауруханада дәрігерлер оған хаттама бойынша толық ем көрсетіп, антикоагулянтты және антибактерильдық терапия бойынша көмек көрсетеді.
Қазіргі кезде науқастың жағдайы жақсы. Дәрігерлер тыныс алу жиілігі жақсарған, өздігімен тыныс алуда дейді. Бүгінде денсаулығы жақсарған науқас отбасымен қауышты.