Шымкентте он күндік «DALA KILEMDERI» көрме-жәрмеңкесі ашылды

0
2 309

Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан кілемдер жәрмеңкесінің ашылуына қала әкімі қатысып, ондағы өнімдермен танысты.


Шымкентте он күндік «DALA KILEMDERI» көрме-жәрмеңкесі ашылды

Бүгін Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында «Dala kilemderi» атты он күндік кілемдер жәрмеңкесі ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, бұл жәрмеңке Шымкент қаласында «Bal Tekstil» компаниясының ұйымдастыруымен 2016 жылдан бастап өткізіліп келеді. Көрмеге 1500-ден астам кілем және кілем бұйымдары қойылып, барлық өнім нарықтағы бағадан төмен бағада саудаланады. Одан бөлек, мұнда отандық өнімдермен қатар Бельгия, Түркия, Иран, Ресей, Өзбекстан мен Молдова елдерінің өнімдері де ұсынылады.


Сонымен қатар, отандық кілемдердің сапасы шетелдік кілемдердің сапасынан кем түспейтінін дәлелдеп, танымалдығын халық арасында арттыру мақсатында өтіп жатқан көрме-жәрмеңкеде қала тұрғындары мен қонақтары кілем өндірісінің иірімжіпті бояудан бастап, тоқыма станогындағы жұмысына дейінгі барлық процесін тамашалай алады.


Айта кетейік, Bal Tekstil – қазақстандық кәсіпкерлер мен түркиялық Kartal Carpets компаниясының бірлескен жобасы. Қазақстандағы ең ірі «Бал Текстиль» отандық кілем өндіруші фабрикасы өз өнімін шығаруды 2013 жылы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында бастаған. Фабрика қазіргі таңда жылына 5 млн. шаршы метр кілем және кілем өнімдері мен 4 000 тонна полипропиленді жіп өнімдерін өндіруге қауқарлы және 300-ге жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

дереккөз: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі