Шымкентте отбасылық зорлық көрген 91 әйелге көмек көрсетілген

0
386

Отбасылық жанжал туралы 3304 шақырту түскен.


Шымкентте отбасылық зорлық көрген 91 әйелге көмек көрсетілген

көрнекілік үшін фото ашық дереккөзден алынды

ERNUR.KZ. Шымкентте жарты жылда 91 әйел көмек орталықтарына орналастырылған.

Бұл туралы Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ермахан Абдраманов мәлімдеуінше, биылғы жылдың 1 шілдесінен, яғни отбасындағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілгеннен бастап бүгінгі күнге дейін қала бойынша полицияның 102 арнасына отбасылық жанжал туралы 3304 шақырту түскен. 2485 құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс сотқа жолданған.
Аталған құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында полиция тарапынан ұйымдастырылған «Тұрмыс», «Зорлық-зомбылықсыз отбасы», «Отбасындағы зорлық-зомбылықты тоқтатамыз» және «Зорлық-зомбылықа қарсы 16 күн» белсенділік акциялары мен жедел-профилактикалық іс-шаралары өтті.
Үкіметтік емес ұйымдармен, әлеуметтік арнаулы көмек көрсету орталықтарымен бірлесіп, азаматшаларға психологиялық, құқықтық және өзге де көмектер көрсетілуде.
91 әйел арнаулы көмек көрсету орталықтарына орналастырылды. Әлеуметтік ортамен жүргізілген жұмыстар барысында 146 жайсыз отбасы есепке алынып, олармен тиісті жұмыстар жүргізілуде.
– Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған жұмыстар ерекше бақылауда, - дейді тәмамдады Ермахан Абдраманов.