Шымкентте пәтерден қайтыс болғанына 3 күн болған әйелдің мәйіті табылды

0
430

Мән-жайды толық білу мақсатында сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.


Шымкентте пәтерден қайтыс болғанына 3 күн болған әйелдің мәйіті табылды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте қала аумағындағы пәтерлердің бірінен әйел адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, мәйітті тексеру барысында ешқандай дене жарақаты анықталмаған.

"Жедел жәрдем қызметкерлерінің айтуынша марқұмның қайтыс болғанына кем дегенде 3 күн болған", - делінген баспасөз хабарламасында.

Мән-жайды толық білу мақсатында сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.