Шымкентте "Рамазанда бір тал ек" акциясы өтеді

0
679

Рамазан айы 11-наурыз күні басталады, Қадір түні сәуір айының 5-нен 6-на қараған түн, 10-сәуір - Ораза айт мерекесі.


Шымкентте

Шымкент қаласының Өңірлік Коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов және Шымкент қаласының бас имамының орынбасары дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміровтың қатысуымен Рамазан айының келуіне орай баспасөз конференциясы өтті.

Биылғы Рамазан айы 11-наурыз күні басталады, Қадір түні сәуір айының 5-нен 6-на қараған түн, 10-сәуір - Ораза айт мерекесі.

Дін өкілдері Рамазан айы көктем уақытына, Әз-Наурыз мерекесіне сәйкес келуіне орай «Рамазанда бір тал ек» акциясы өтетінін мәлімдеді.

Сондай-ақ баспасөз конференциясы барысында қасиетті Рамазан айының ережелері мен тәртіптері, қасиетті Қадір кешін өткізу жәйі, мешіттерде тарауих намаз оқу және «Рамазан қоржыны», «Рамазан тәттісі» т.б. қайырымдылық шараларын өткізу, рухани кештер мен іс-шаралар өткізу, ауызашар рәсімдерінің жәйі, т.б. мәселелер айтылды. Сонымен қатар, қаламыздың бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфтидің Рамазан айына қатысты үндеуін таныстырды.