Шымкентте санитарлық тазалық жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр

0
455

Көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары, ирригациялық арықтары, балалар алаңшалары, жаяу жүргіншілер жолдары қоқыстан тазартылды.


Шымкентте санитарлық тазалық жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы аумағында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлердің санитарлық тазалық жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтқанда, 15, 16, 17, 18, Күншығыс, Теріскей шағынаудандарында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары, ирригациялық арықтары, балалар алаңшалары, қоқыс жәшіктері және шағынауданның ішкі орам жолдары, сонымен бірге жаяу жүргіншілер жолдары қоқыстан тазартылды.
Аталған жұмыстарға «ЛТД Тұрмыс» ЖШС және «Боракбаев» ЖК мекемелерінің 105 жұмысшысы, 5 - ГАЗ-53 самосвал, 5 трактор МТЗ жұмылдырылды.
Аудандағы орталық көшелер күн сайын, ал тұрғын үйлер аулалары аптасына 4 рет тазартылып тұрады. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да үздіксіз жүргізіледі.