Шымкентте саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссия отырысы өтті

0
469

Комиссия жанынан 30 адамнан тұратын жұмысшы топ құрылған.


Шымкентте саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссия отырысы өтті

Шымкент қаласында саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссияның үшінші отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өткен жылдың 24 қарашасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Жарлыққа қол қойған болатын.
Комиссия жанынан 30 адамнан тұратын жұмысшы топ құрылған. Жұмысшы топқа ЖОО-ның ғалымдары, тарихшылар, архив қызметкерлері және аудармашылар енгізілген.
Қала басшысы өзінің сөйлеген сөзінде комиссияның басты міндеті – халықаралық стандарттар мен құндылықтар негізінде саяси қуғын-сүргіннің жазықсыз құрбандарына қатысты тарихи әділдікті қалпына келтіру, олардың адал және игі есімдерін халық пен ұрпақтарына қайтару екенін атап өтті.
Мәжілісте қала әкіміне жұмысшы топпен атқарылған жұмыстың есебі баяндалды.
Топ мүшелері бекітілген тәртіп бойынша 9 бағыт негізінде 8 мыңнан астам азаматтың құжаттарына зерделеу жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, жұмысшы топ мүшелері тамыз айында Алматы қаласына және қараша айында Өзбекстан Республикасы Бостандық ауданына іс-сапарға барып келген.

Отырыс қорытындысы бойынша Мұрат Әйтенов комиссия мен жұмыс топтарының мүшелері Мемлекет басшысы алға қойған саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі міндеттерді жоғары деңгейде орындау қажет екенін және комиссия қызметі мәселелері жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.