Шымкентте «ШамShyraq» фестивалі басталды

0
481

Халықаралық зағиптар күніне орай ұйымдастырылуда.


Шымкентте «ШамShyraq» фестивалі басталды
13 қараша - Халықаралық зағиптар күніне орай Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының және Шымкент қаласы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының ұйымдастыруымен «ШамShyraq» қалалық фестивалі өткізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
12-ші қараша күні «Жастар» ресурстық орталығында 1,2,3 топ көз мүгедектерінің қатысуымен 3 номинация бойынша:
- «Туған елге, тағзым!» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған, табиғи дауыста эстрада стилінде минусовкада ән орындау;
- «Жанарсыз адам келеді... жанарлы бейқам тірліктен» Қазақтың ақиық ақыны М.Мақатаевтың 90 жылдығына арналған автордың өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу;
- «Өнер бесігінде тербеліп өскен - Жамбыл» Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған, табиғи дауыста, эстрада стилінде минусовкада немесе өзі қалаған аспабында жырау, терме орындау бойынша бақ сынасады.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 13-ші қараша күні «Көрме» орталығында өтеді.