​Шымкентте шенеунік сотталды

0
1 250

Сот үкімімен экс-шенеунік 5 жылға бас бостандығынан айырылды.


​Шымкентте шенеунік сотталды

Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық сотында шымкенттік шенеунікке қатысты сот үкімі оқылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Сот үкімімен экс-шенеунік 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жалған ақпарат және жалған куәлік еткені үшін сот алдында жауапкершілікке тартылған болатын. Қызметін атқарып жүріп, өзінің сенімді қатынастарын және материалды жағдайын пайдаланып, Г.С.-ны 10 320 000 теңге және 65 000 АҚШ долларын оған жер телімін алып беремін деп алдап алды деген айыппен құқық қорғау органдарына Г.С.-ның үстінен көрінеу жалған сөз жеткізген және материалды пайда көмек беруді уәде етіп,айдап салу және заңсыз әрекеттерге итермелеп, көндіру, кеңес беру және ақпараттар беруге екі тұлғаны көрінеу жалған айғақтар беруге итермелеген.

Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотында Д.М.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 419-бабы 3-бөлігі, 28-бабы 3,4-бөлігі, 420-бабы 2-бөлігімен және А.С.-ға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 420-бабы 2-бөлігімен қозғаллған қылмыстық іс қаралды. А.С. сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында, жәбірленуші Г.С.-ның 2016 жылдың қараша айы мен 2017 жылдың ақпан айы аралығында жер телімін алып беремін деп уәде етіп, М.Д-дан аса ірі көлемде мүлікті иемдену мақсатында алаяқтық жасағанын көрдім деп, ауыр қылмыс оқиғасы туралы куә ретінде көрінеу жалған айғақ берген.

Әл-Фараби аудандық сотының 10.12.2018 жылғы үкімімен Д.М. ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабы 3-бөлігі, 28-бабы 3, 4-бөлігі, 420-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған ҚК-ның 419-бабы 3-бөлігімен – 3 (үш) жылға бас бостандығынан айыру жазасы және ҚК-нің 28-бабы 3,4-бөлігі, 420-бабы 2-бөлігімен – 5 (бес) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР ҚК-ның 58-бабы 3-бөлігінің негізінде – онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы, түпкілікті 5 (бес) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу тағайындалған.

Ал оның жолдасы А.С. ҚР Қылмыстық кодексінің 420-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 5 (бес) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу тағайындалған.