Шымкентте шенеуніктен 50 млн теңге бопсалаған кәсіпкер ұсталды

0
476

Қазіргі таңда күдікті қамауда.


Шымкентте шенеуніктен 50 млн теңге бопсалаған кәсіпкер ұсталды

Шымкентте Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Түркістан облысының шенеунігінен қомақты ақша бопсалаған кәсіпкерді ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Шымкент қаласы полиция департаментіне мемлекеттік мекемелердің бірінің басшысы жүгінген. Ер адам оның іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпаратты таратамын деп жеке кәсіпкер 50 млн теңге бопсалап отырғанын айтқан.

"Аталған жайтты жедел уәкілдер ҚР ҚК-нің 194-бабы “Қорқытып алу” бойынша тіркеді. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізіп, нәтижесінде күдіктінің жеке басын анықтады. Ол бұрын мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысқан мегаполис тұрғыны болып шықты. Алайда ол конкурстан жеңіліп, жәбірленушіні кінәлаған. Оны полицейлер 45 миллион теңгені қолма-қол алу кезінде ұстады. Оның 40 млн теңгесі жалған ақша болды", - делінген жазбада.

Қазіргі таңда күдікті қамауда. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер ұсталған адамның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексереді.