Шымкентте шет елдерге сұйытылған газды заңсыз экспорттаған екі азамат 3 жылға сотталды

2
2 381

2017-2020 жылдар аралығында Тәжікстан мен Ауғанстанға 700 тоннадан астам сұйытылған газ заңсыз жіберілген.


Шымкентте шет елдерге сұйытылған газды заңсыз экспорттаған екі азамат 3 жылға сотталды

Шымкентте екі азамат 3 жыл бойы Тәжікстан мен Ауғанстанға сұйытылған газды заңсыз өткізіп келгені анықталды деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі мәлімдеді.

- Қылмыскерлер табиғи газды жалған құжат декларациясы арқылы шет елдерге өткізген. 2017-2020 жылдар аралығында Тәжікстан мен Ауғанстанға 700 тоннадан астам сұйытылған газды заңсыз экспорттаған. Мемлекет кірісіне жалпы сомасы 110 миллион теңге болатын 720,8 тонна сұйытылған газ жіберілген, - деп мәлімдеді Қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

Бұл қылмысы үшін екі ер адам 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар Қылмыстық кодекстің "экономикалық контрабанда" және "мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау" баптары бойынша сотталды.