Шымкентте скутер-ширинг жобасын іске қосылады

0
2 911

Жобаны жүзеге асыру үшін қалаға 127 млн.теңгеден астам инвестиция тартылған.


Шымкентте скутер-ширинг жобасын іске қосылады

Шымкент қаласында 1 наурыздан бастап «Ozim Scooters» компаниясы әкімдік пен бірлесе скутер-ширинг жобасын іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл жоба әлемдік деңгейде кеңінен таралып келеді. Бүгінде Орта Азиядағы елдер ішінде тек Қазақстанда ғана жүзеге асырылуда. Бұған дейін аталған жоба Алматы қаласында іске қосылған болатын.
Жобаны жүзеге асыру үшін қалаға 127 млн.теңгеден астам инвестиция тартылып отыр. Сондай-ақ тұрақты 20 жұмыс орны ашылмақ.

Бүгінгі күні скутерлерге жылдам қызмет көрсету үшін қала орталығынан техникалық база дайындалды.

Электрскутерді алдын ала жалдау бағасы 1 минутына 30 теңгені құрайды, сондай – ақ абонементтер-апталық және айлық болып қарастырылған.

Бірінші кезеңде 300 скутерді іске қосу жоспарлануда және қаланың әртүрлі бөліктерінде орналасқан 30 бекет ашылады.

Қауіпсіздікті сақтау мақсатында скутерлердің жылдамдығы сағатына 25 км дейін шектелген.

Экологиялық таза - барлық скутерлер батареямен жұмыс жасайтын электр қозғалтқыштарымен жабдықталған.

Қызметті пайдалану үшін сізге OZIM мобильді қосымшасына тіркелу қажет. Ол үшін ең алдымен App Store немесе Play Market -тен қосымшаны жүктеп алу қажет.

Тіркелу үшін жеке басын куәландыратын құжаттың алдыңғы жағын суретке түсіру керек, сонымен бірге құжатпен бірге суретке түсу (селфи) қажет.

Айта кетейік, скутерлерді 18 жасқа толмаған адамдарға пайдалануға тыйым салынады. Егер тексеру кезінде қолданушының кәмелет жасқа толмағаны анықталса, онда бұл қолданушы бұғатталады.