Шымкентте су басу қаупі бар аумақтар бақылауға алынды

0
498

Қазіргі кезде арнайы техникалардың көмегімен су тарту жұмыстары жүргізілуде.


Шымкентте су басу қаупі бар аумақтар бақылауға алынды

Шымкент қаласында жауын шашын мөлшерінің көптігіне байланысты су басу қауіпі бар аумақтар әкімшілік қызметкерлері мен мердігер мекемелерден құралған кезекші бригадалардың бақылауында, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазіргі кезде арнайы техникалардың көмегімен су тарту жұмыстары жүргізілуде.

Су тарту және тазалық жұмыстарына "Build stroi" мердігер мекемесі тарапынан 11 су көлігі, 1 камаз ассенизатор, 3 газ-53, 15 мотопомпа және 8 бригада (32 жұмысшы), "Жасыл жер" мердігер мекемесі тарапынан 13 су көлігі, 6 мотопомпа, 1 асенизатор, 27 жұмысшы жұмылдырылды.
Қазіргі таңда су алу қауіпінің алдын алу шаралары жүргізіліп, ирригациялық жүйелер мен су арналары тазартылуда. Жағдай Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы тарапынан тұрақты бақылауда.