Шымкентте тіл үйрену бұрышы ашылды

0
796

Алдағы уақытта осындай бұрыштар ашу тағы екі кітапханада жоспарлануда.


Шымкентте тіл үйрену бұрышы ашылды

Бүгін Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханасында қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы арнайы тіл үйрену бұрышын ашты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тіл үйренемін деген кез келген азаматқа әдістемелік көмек қолын созу, тіл үйренуге мүмкіндік жасау мақсатында ашылған бұрыш қала әкімінің бекіткен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына отыз іс-шара аясында жүзеге асып отыр. Алдағы уақытта осындай бұрыштар ашу тағы екі кітапханада жоспарлануда.