Шымкентте “Түнгі рейд" жедел профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды

0
174

Іс-шара барысында 14 жасөспірім мен кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер анықталды.


Шымкентте “Түнгі рейд

Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығы мен Полиция департаменті "Түнгі рейд" жедел профилактикалық іс-шарасын ұйымдастырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінгі таңда қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдердің арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.

Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткен іс-шара 5 аудан аумағында ұйымдастырылып, ойынхана, мейрамхана, саябақтар мен өзгеде жастар көп шоғырлануы мүмкін орында жүргізілді.
Жүргізілген рейдтік іс-шара барысында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта жүрген жалпы 14 жасөспірім мен кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер анықталып, оның заңды өкілдеріне әкімшілік хаттама толтырылды.