Шымкентте тұрғын үй аулаларында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді

0
335

Аталған жұмыстарға "Ақсемсерстройсервис" ЖШС-ның 12 техникасымен 78 қызметкері жұмылдырылған.


Шымкентте тұрғын үй аулаларында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласы Абай аудан аумағында орналасқан көп қабатты тұрғын үй аулаларында санитарлық тазалық жұмыстары жандандырылып, қураған ағаштармен қоқыстарды тазалау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жұмыстарға "Ақсемсерстройсервис" ЖШС-ның 12 техникасымен 78 қызметкері жұмылдырылған.
Сонымен қатар, қалалық экология департаментінің өкілдері және аудандық экология полициясымен бірлесе рейдтік іс-шара ұйымдастырылды..
Нәтижесінде Бадам өзенінің жағалауына бей-берекет қоқыс тастағандар анықталып, әкімшілік айыппұл салынды.