Шымкентте тұрмыстық қатты қалдықтар жойылуда

0
2 035

Мекемелер тарапынан жуып шаю және дезинфекция жұмыстары жүргізілді.


Шымкентте тұрмыстық қатты қалдықтар жойылуда

ERNUR.KZ. Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында тазалық жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ Әл-Фараби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағындағы көпқабатты және жеке тұрғын үйлерден шығатын қатты тұрмыстық қалдықтарды қалалық қоқыс полигонына шығару жұмыстарымен «ОрионНовТех» ЖШС, «Арнайыавтокөлік» ЖШС, «ЭкоСпецТранс» ЖШС-і айналысуда.

Аталған мекемелер өздерінің қызмет көрсететін аумақтарындағы қоқыс контейнерлерін уақытылы тазалауға және қоқыс алаңшаларының күтіп ұсталуына жауапты.

Қазіргі таңда, жаз мезгілінің күн ысуына байланысты шығарылған қоқыстардан жағымсыз иістер шығып, қоқыстан лас сулар ағатындығы белгілі. Осыған орай, көше бойларындағы қоқыс орындарын және қоқыс алаңшаларын, кестеге сай жоғарыда аталған мекемелер тарапынан жуып шаю және дезинфекция жұмыстары жүргізілді.