Шымкентте тұрмыстық химия өнімдерінің сауда белгісін заңсыз пайдалану фактісі анықталды

0
830

Тінту кезінде 1 790 қап контрафактілік тұрмыстық химия заттар тәркіленді.


Шымкентте тұрмыстық химия өнімдерінің сауда белгісін заңсыз пайдалану фактісі анықталды

Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде контрафактілік өнімдерді дайындайтын астыртын цехтың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тексеріс барысында «The Procter & Gamble» компаниясының «Tide», «Ariel» және «Миф» маркалы тұрмыстық химия өнімдерінің (ұнтақ) сауда белгісін заңсыз пайдалану фактісі анықталды.
Тінту кезінде 1 790 қап контрафактілік тұрмыстық химия заттар, контрафактілік өнімдерді өлшейтін және дайындайтын құрылғылар табылып, тәркіленді.
Айта кетейік, тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етілмейді.