​Шымкентте үкіметтік емес ұйымдардың форумы өтті

0
2 100

Аталған іс-шарада Астанада өтетін республикалық VIII Азаматтық форумға Шымкенттен баратын делегация құрамы жасақталды.


​Шымкентте үкіметтік емес ұйымдардың форумы өтті

Шымкентте алғаш рет қалалық үкіметтік емес ұйымдарының «Азаматтық қоғам және мемлекет: Диалог. Әріптестік. Сенім» форумы өтті деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент қаласының әкімдігініңбаспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алғашқы рет ұйымдастырылып отырған шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, ҚР Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Нарымбетов, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» қауымдастығының президенті Асылбек Қожахметов, «Шымкент қаласының Азаматтық Альянсы» қауымдастығының төрағасы Жұмағали Білісбеков және көптеген үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің төрағалары, БАҚ өкілдері қатысты. Жиын барсында шешім таппаға түйіткілді мәселелерде пысықталып, алдағы атқарыар шаруалардың жоспарлары талқыланды.

Форумда бірінші болып сөз алған қала әкімі жиынға қатысушыларды құттықтап, форум жұмысына сәттілік тіледі. Шымкентті дамыту мақсатында баршаны жұмыла жұмыс істеуге шақырды.

Форум барысында үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері сөз сөйлеп, адамзаттық қоғамның дамуына үлес қосу туралы пікірлерін ортаға салды. Одан кейін Астанада өтетін республикалық VIII Азаматтық форумға Шымкенттен баратын делегация құрамы жасақталды. Қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.