Шымкентте үш қабатты ғимараттан өрт шықты

0
957

Өрттен адамдар зардап шекпеген.


Шымкентте үш қабатты ғимараттан өрт шықты

Шымкентте үш қабатты ғимарат өртеніп жатыр деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкент қаласы Қожанов көшесінде орналасқан ғимараттың шатырын өрт шарпыған. Жергілікті тұрғындар мұнда бұрын таксопарктің сервис орталығы болғанын айтып жатыр. Қазір аталған ғимараттың үшінші қабаты пайдаланылмайтын көрінеді.

Алдын ала мәлімет бойынша өрттен адамдар зардап шекпеген. Оқиға орнына тілсіз жауды ауыздықтау үшін төтенше жағдайлар департаментінің 11 техникасы мен жеке құрамынан 51 адам жұмылдырылған. Дәл қазір өрт болған жерде құзырлы органдар қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.