Шымкентте үш жасар баланың қолы электр еттартқышқа қысылып қалған

0
655

Балаға көмек көрсету үшін дәрігерлер оның қолын шығарып ала алмаған.


Шымкентте үш жасар баланың қолы электр еттартқышқа қысылып қалған

Шымкентте құтқарушылар дәрігерлерге баланың қолын электр тартқыштан босатуға көмектесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сайрам елді мекеніндегі N3 Шымкент қалалық ауруханасында Шымкент қаласы ТЖ департаментінің Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері баланың қолын электр еттартқыштан босату бойынша бірегей операция жүргізді.

Қалалық ауруханадан " 112 " құтқару қызметіне 3 жасар баланың қолын электр еттартқыштың құбырына тартып алғаны туралы хабарлама келіп түскен. Балаға көмек көрсету үшін дәрігерлер оның қолын шығарып ала алмаған, құтқарушылардың көмегі қажет болған.

Ата-аналардың айтуынша, бала электр еттартқышпен жұмыс істеген кезде оның жанында болған.

Құтқарушылар операцияны дәрігерлермен бірге жүргізді. Төтенше жағдай қызметкерлері авариялық-құтқару құралының көмегімен еттартқыштың корпусын мұқият кесіп, қолын босатты, бұл сәтте баланы наркоз арқылы ұйықтатып қойған.

Қазіргі уақытта бала №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасында реанимация бөлімінде.

Құрметті ата-аналар! Балалармен мұқият және сақ болыңыз! Бір секундқа да балаларды назардан тыс қалдырмаңыз, деп ескертеді Шымкент қ алалық ТЖД қоғаммен байланыс тобы.