Шымкентте "Үздік номинациялар - 2019" байқауының жеңімпаздары марапатталды

0
2 861

Үздіктер арасында, қала көшесін тазалап жүрген қоғамдық жұмысшыға қол ұшын созып, көмек көрсеткен «Қайырымды полицей де» бар.


Шымкентте

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің арнайы «Алғыс хатымен» бірқатар азаматтар марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының экономикалық-әлеуметтік, рухани-мәдени дамуына қатысты қалам тербеткен "Шымкент келбеті" және "Панорама Шымкента" газеттерінің ұжымы "Үздік редакция" атанды. Ал «Оңтүстік» телеарнасының тілшісі Нурлан Алимбаев "Үздік жүрналист" номинациясын иеленді. Жылдың үздігі атанған бұл ұжымға 500 000 теңгеден қаржылай сыйлық табысталды.

Сонымен қатар, "Жыл үздігі" номинация иелері де марапатталып, 150 000 теңге көлеміндегі қаржылай сыйлықтарға ие болды.

Олар:
1. «Үздік әлеуметтік ролик авторы» – Нургали Матаев;
2. «Үздік блогер» – Арай Есенбек;
3. «Үздік телебағдарлама авторы» – Баглан Байгөбеккызы;
4. «Үздік теле журналист» – Новикова Анастасия (Хабар 24);
5. «Үздік радио бағдарлама авторы» – Уалихан Кожак;
6. «Үздік ақпараттық порталы» – ақпараттық портал «Меdia.on», редакторы Малика Абдалиева;
7. «Үздік ақпараттық портал тілшісі» – Асылбек Туйетаев;
8. «Үздік баспа басылымы» – «Уакыт»газеті, бас редактор Талгат Балтабаев;
9. «Үздік баспа басылымының журналисті» – Баширова Акмарал Молдиярқызы;
10. «Үздік баспасөз хатшысы» – Асель Саденова (Шымкент қаласы полиция департаменті) ;
11. «Үздік әлеуметтік ролик авторы » – «Elіtar» порталы , Жансая Тауекелкызы.