​Шымкентте үзіліссіз білім беру орталығы салынады

0
1 265

Орталықты Сингапур компаниясы салады.


​Шымкентте үзіліссіз білім беру орталығы салынады

Шымкентте үзіліссіз білім беру орталығы салынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласында Сингапур компаниясы үзіліссіз білім беру орталығын салуды жоспарлап отыр. Бұл балабақша, мектеп, кәсіптік техникалық колледж және осы мекемелердің студенттері мен қызметкерлері үшін уақытша тұру орны.
Аталған жобаны жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласы әкімдігі мен «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ және Сингапур компаниясы Pegasus Education Group Pte Ltd арасында үш жақты меморандум түзілді.
Жобаның тұжырымдамасына сәйкес Қазақстанда халықаралық білім беру орталықтарының желісін құру қарастырылуда.