Шымкентте Жаңа жыл мерекесі қарсаңында 51 отбасы қоныс тойын тойлады

0
398

Осыған дейін кезектегі 468 азамат арендалық пәтермен қамтылған болатын.


Шымкентте Жаңа жыл мерекесі қарсаңында 51 отбасы қоныс тойын тойлады

ERNUR.KZ. Мемлекеттік бағдарлама аясында Шымкент қаласындағы Тұран шағын ауданында орналасқан жаңа тұрғын үйлерден 51 отбасыға арендалық пәтерлер берілді.

Жылдық жоспарға сәйкес, осыған дейін кезектегі 468 азамат арендалық пәтермен қамтылған болатын. Олардың арасында әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтағылар, көпбалалы отбасылар, жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, бюджеттік ұйым санатындағы азаматтар бар.

Айта кетейік, арендалық баспанамен қамтылған азаматтармен келісімшарт жасалып болған соң ғана түгендеу жұмыстары жүргізіліп, кезектен шығарылады. Ал түгендеуден кейін азаматтардың тұрғын үй кезегі алға жылжиды.